Қызылордада көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты

262
Қызылорда қаласындағы Мерей мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Ағымдағы жылғы 20 желтоқсан күні сағат 11-ден 31 минут өткенде Мерей мөлтек ауданы N23 мекен-жайда орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 1 қабатынан түтін шығып жатқаны жөнінде “112” - құтқару қызметіне хабарлама түсті. 

Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Өртке қарсы қызметінен  8 қызметкер 2 өрт сөндіру автокөлігімен және 1 автосатылы көлігімен жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде Мерей мөлтек ауданы N23  көп қабатты тұрғын үйінің 3 қабатындағы пәтердің жатын бөлмесіндегі тұрмыстық заттары жанып жатқаны анықталды. Газ-түтінінен қорғау буынына қосылған қызметкерлер оқиға орнында зардап шегушілердің қалып қоймауы үшін барлау жүргізді. Осылайша Газ-түтінінен қорғау буыны ес-түссіз жатқан ер адамды анықтап, N1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ибраев Данияр бастаған звено құрамында сержант өрт сөндіруші Боранбай Ержан және аға өрт сөндіруші сержант Жақсыбек Шержан,  аға өрт сөндіруші Әбжан Бағдәулет  ес-түссіз жатқан 1961 жылы туылған азаматты қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел-жәрдем мамандарына табыстады.



Өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылының нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдің өзге пәтерлеріне өрттің таралуға жол берілмеді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.  

Зардап шеккен 1961 жылы туған  азаматтың  жағдайы ауыр. Дәрігерлердің жіті қарауында. Ақ халаттылардың мәліметінше, азаматтың бетін 10-19% термиялық күйік шалғаны және көмірқышқыл  газына уланғаны анықталды.


Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ