Назарбаев інісінің қазасынан кейін Қазақстан халқына үндеу жасады

1 582

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Экс-президент үндеуінде, інісі Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтқан мемлекеттік қызметкерлер мен көпшілікке алғысын білдірді.


"Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді”, – деді экс-президент. 


Сондай-ақ Назарбаев соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатқанын жеткізді.


“Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түстті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет!" - делінген хабарламада. 



Еске салайық, бұған дейін бұрынғы президентке Өзбекстан Республикасының Президенті Ш. Мирзиеевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмон мен Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян, Татарстан Республикасының басшысы Р. Минниханов көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 


Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі – Болат Әбішұлының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бастапқыда бұл тосын хабарды отандық БАҚ жарыса жазған еді. Сәлден соң Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханасы аталған ақпаратты ресми түрде растады.


Болат Әбішұлы 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оны халық әуелі Қазақстанның тұңғыш перзиденті – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі деп біледі. Сондай-ақ Болат Назарбаевтың қазасынан кейін тоқалы Динара Әлжан да марқұмның қандай екенін айтты.