Ауғанстанда әйелдер митингке шығып, өз құқығын қорғауды талап етті

447
Ауғанстанның Герат провинциясында нәзік жандылар көшеге шығып, әйелдердің құқығын қорғау мен оларды мемлекет басқаруға араластыруды талап етті деп хабарлайды РИА Новости.  

Ауғанстанның болашақ үкіметінің қызметіне араласуға әйелдерді шақыра отырып, демонстранттар нәзік жандылардың өкілдігінсіз ешқандай үкімет тұрақты бола алмайды деп ұрандатты. Олар "Талибан" қозғалысына да наразылық танытты.

Демонстранттар халықаралық қауымдастықты “ауған әйелдерін ұмытпауға” шақырды.

Шеруге жергілікті белсенділер, студенттер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.