Ауғанстанда әйелдер митингке шығып, өз құқығын қорғауды талап етті
449
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ауғанстанның Герат провинциясында нәзік жандылар көшеге шығып, әйелдердің құқығын қорғау мен оларды мемлекет басқаруға араластыруды талап етті деп хабарлайды РИА Новости. Ауғанстанның болашақ үкіметінің қызметіне араласуға әйелдерді шақыра отырып, демонстранттар нәзік жандылардың өкілдігінсіз ешқандай үкімет тұрақты бола алмайды деп ұрандатты. Олар "Талибан" қозғалысына да наразылық танытты.
Демонстранттар халықаралық қауымдастықты “ауған әйелдерін ұмытпауға” шақырды.
Шеруге жергілікті белсенділер, студенттер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер қатысты.
Қаз
Рус






