Ұшақтың есігін ашып жіберген қазақстандық 9,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

1 241

ru.freepik.comСот Шымкент-Алматы рейсі ұшағының апаттық трапын ашқан жолаушыға қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 2023 жылы 23 желтоқсанда Шымкент – Алматы бағыты бойынша жүретін KC7106 рейсінде болған. Ұшақ қонғаннан кейін пандусты күту кезінде жолаушылардың бірі 12-ші қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған апаттық есікті ашып жіберген. 



"Апаттық есіктің ашылуы және үрлемелі апаттық траптың іске қосылуы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, бірақ ұшақ келесі ұшуға дайындығын қалпына келтіру үшін жоспардан тыс тексеру мен жөндеуді қажет етті. Авариялық трапты ауыстыру бойынша авиакомпанияның шығыстары 9 551 922 теңгені құрады", - делінген хабарламада. 

Алматы қаласы аудандық сотының шешіміне сәйкес жолаушыдан материалдық залал сомасы және мемлекеттік баж сомасы өндіріледі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.