Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінді – ҰҚК

410
Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарларына қарсы қылмыстық іс қозғалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты.

Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген ресми хабарламада.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.