Рүстем Жүгінісовтің анасы ұлына қатысты дауға пікір білдірді

1 564

Коллаж: sn.kzТанымал әнші Рүстем Жүгінісовтің анасы – Айнұр Жүгінісова ұлы мен хиджабтағы қыз арасында болған оқиғаға қатысты өз көзқарасын білдірді. Ол бұл туралы Kyn.kz ақпараттық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айнұр Жүгінісованың сөзінше, ұлына байланысты қоғамда айтылған сын пікірлерге қарамастан, ол Рүстемнің ниеті дұрыс болғанын атап өтті.

«Бұл оқиға есімізде. Рүстемнің сөзін жұрт әртүрлі қабылдады. Бірақ ол қыздарға кешке әкесі немесе ағасының қадағалауынсыз шықпауға кеңес берген еді. Бұл — ата-ана ретінде айтылған ақыл. Халық та оның сөзінің астарын түсінеді. Алайда Рүстем әлі жас болғандықтан, оның ойы дұрыс болса да сынға ұшырап отыр деп ойлаймын», — деді әншінің анасы.

Сондай-ақ ол жағдайға себеп болған блогер қыздың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, оның оқиғаны қоғам назарында ұстауға тырысқанын айтты.

«Мешіттің ерлер жағына кірген дұрыс емес. Бірақ ол қыз бұл жағдайды елге жариялап, дабыра қылды. Күн сайын жаңа видео жариялап отырды. Меніңше, ол өзін желі арқылы танымал еткісі келген», — деді Айнұр Жүгінісова.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде мешіттегі хиджабтағы қыз бен Рүстем Жүгінісов арасындағы пікірталасқа қатысты бейнежазба тараған болатын. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға себеп болды.