Сарыағашта күйеуі мен қайын атасы 5 баланың анасын үйден қуып шықты
339
Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында бес балалы әйел далада қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Көпбалалы ананың айтуынша, күйеуі өзінен жасы үлкен әйелдің соңынан кеткен. Келіншекті шиеттей балаларымен тұрып жатқан үйден күйеуі мен қайын атасы ұрып-соғып қуып шыққан.Бес баламен барар жері, басар тауы қалмаған әйел жұртшылықтан көмек сұрайды. Бұл туралы тележурналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Қайын атасы мен күйеуі әйелді 5 баласымен далаға қуып шықты. Қуды дегенде тура мағынасында, күйеуі әйелі мен балаларының киім-кешек, жастығын жинап, атасы келінін далаға ұрып шығарды. Кәмелет жасына толмаған 5 бала азан-қазан, бәріне куә полицейлер қарап тұр", - делінген жазбада.
Желіде жарияланған видеода отбасылық жанжалды көруге болады. Балалар тоқтаусыз жылап жатады. Ал үйдің ауласында полицейлердің көлігі тұр.
"Мені үйден қуып жатыр. Бес уақыт намаз оқитын қайын атам ұрып жатыр",
— дейді келіншек.
— дейді келіншек.