100-ден астам адам бас бостандығынан айырылды
Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына қатысты тергеу шаралары бойынша есеп берді, хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, осы уақытқа дейін 4 642 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде ұрлық (2,5 мың), қаруды ұрлау немесе сақтау (710), бұзақылық (418), мүлікті жою (199), қарақшылық және тонау (26) бар.
Қазір 276 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Атап айтқанда, қаруды заңсыз сақтау (50), кісі өлтіру (33), билікті асыра пайдалану (40), ұрлық (16), бұзақылық (4) және тағы басқа қылмыстар.
Жалпы, бүгінгі таңда 40 мыңға жуық тергеу жүргізілді, 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды және 2,5 мыңнан астам сараптама тағайындалды.