Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

1 513

Фото: ©Скриншот оперативного видео МВД ҚРШымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметі әшкереленген. Тергеу барысында күдіктілердің ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының Қазақстан аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде тіркеуге қою және құжаттарын рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Сонымен қатар олардың жалған құжаттар дайындап, көші-қон заңнамасын айналып өтуге көмектескені белгілі болды. Заңсыз әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асырылып, белгілі бір схема арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің өзге де заңсыз әрекеттерге қатысы тексерілуде. (ВИДЕО)

"Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Құқық қорғау органдары заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ауыр құқық бұзушылықтардың қатарына жататынын ескертіп, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.