Кәмелет жасына толмаған бір топ оқушы 13 жасар қызды зорлаған

711

Оралда 9-сыныптың бір топ оқушылары 13 жасар қызды зорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.


Оқиға 12 маусымға қараған түні, тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 15 және 16 жастағы төрт кәмелетке толмаған жасөспірімдер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.


“Күдіктілердің бірі  №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы”, - деп хабарлады мектеп директорының орынбасары Гүлмайда Үшқамбаева.


Оның айтуынша, бала ұсталып, екі айға тергеу изоляторына қамалған.


Топтық зорлау бойынша басқа күдіктілердің ұсталып, ұсталмағаны туралы полиция әзірге ақпарат берген жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.