Газ жарылысынан 2 адам қаза тапқан

1 516

Фото: ТЖМҒимарат ішінде 17 литрлік газ балоны жарылып, өрт шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облыстық ТЖД 4 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Бүгін, 28- ші қаңтар күні 2 зардап шеккен адамның ауруханада қайтыс болғаны белгілі болған.

«2 науқас та ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Келген сәттен бастап оларға жансақтау бөлімінде тәжірибелі мамандардың қатысуымен барлық қажетті арнайы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған емдік шараларға қарамастан, науқастар қайтыс болды», – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бір зардап шеккен адам ауруханада жатыр, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Зардап шеккен төртінші адам үйіне жіберілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.