Дәрігерлер қайтыс болған адамға ем жүргізген

1 727

Фото© Sputnik / Медиабанкке өтуПавлодар прокурорлары медицина саласындағы жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам залал өтелген"  "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерін тексеру барысында біраз былықтың беті ашылған.

Невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандар қайтыс болған адамдарды "қабылдаған", акушер-гинеколог дәрігер ер адамдарға "консультация берген". Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді", - дейді прокуратура қызметкерлері.

Сертификаты мен рұқсат құжаты жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталған. Қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам залал өтелді", - деп жазылған хабарламада.

Сотта медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызмет арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.