Мектепте зорланған баланың шәует іздері бар киімін сараптамадан жуып қайтарған
Алматыдағы бала зорланған жекеменшік мектеп атауын өзгертіп, жұмысын жалғастыруда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өткен жылы Алматыдағы "Мәриям" (қазіргі атауы "Integral") жекеменшік мектебінде төрт ай бойы жоғары сынып оқушылары бірінші сынып оқушысына сексуалдық зорлық көрсеткені туралы ақпарат тарап еді. Білім мекемесінің басшылығы зорлау фактісін жоққа шығарып, барлығын өтірік деп хабарлаған. Бұл іс осы уақытқа дейін бірнеше рет жабылған.
“НеМолчи” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, полиция тергеуді толыққанды жүргізе алмай отыр. Себебі сараптамаға жолданған баланың киімі жуылған күйінде қайтарылған.
Олар барлық айғақты полицияға тапсырды. Полицейлер оны қабылдап алып, сараптамаға жіберді. Сараптамадан кейін киім жууылған күйінде қайтарылды. Киімнен кір жуғыш ұнтақтың иісі шығады. Сол себепті олар тергеуді толыққанды жүргізе алмай отыр. Киімді кім жуды, неге жуды белгісіз. Әдетте, сараптама толық анықтай алмайды.
Ал Мариям мектебі атын "Integral" деп өзгертті. Онда сол баяғы қызметкерлер жұмысын жалғастыруда. Оқу орнының директоры да, ешкім жазаланбады. Бұл жерде баланың отбасы оларға ешкім мән бермегендіктен зардап шегіп отыр. Әкесіне және балаға өте ауыр", - деді “НеМолчи” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.
Ал адвокат бұл істен әлі күнге дейін еш нәтиже болмай жатқанын жеткізді.
Алайда Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектеп атауы өзгергенін және іс бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, "Мәриям" мектебін 1997 жылы доцент Бақытжан Нұрматов ашты. Бастапқыда бұл жер оқу орталығы болды. Мектеп білім беру қызмет нарығында 21 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ электронды үкімет деректеріне сәйкес, ол 2006 жылы ғана бастапқы тіркеуден өткен.
Оқу орнының екінші негізін қалаушы – Бақытжан Нұрматовтың қызы Найля Махамедова. Жекеменшік мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша жұмыс істейді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы "Мәриям" (қазіргі атауы "Integral") жекеменшік мектебінде бірінші сынып оқушысын бірнеше күн қатарынан жоғары сынып оқушылары зорлап келгені туралы жазған едік.