Ақсайда дүкен иесін өз үйінің алдында атып кетті
298
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
15 шілдеде сағат 22:00-де Ихсанов көшесіндегі үйдің кіре берісінен күштеп өлтірілген кәсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталының сілтеме жасап.Кәсіпкердің басына оқ тиген.
Үй ауласынан қақпаның жанынан белгісіз маркадағы тегіс ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Қаз
Рус






