Психологтар енді мемлекеттік тізілімге тіркеледі

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Spencer Platt/Getty ImagesҚазақстанда психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелетін дербес заң қабылданады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

 
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Ол саладағы құқықтық базаны қалыптастыруға, психологиялық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасы бойынша саладағы негізгі ұғымдар нақты анықталған. Атап айтқанда, "психолог", "психологиялық қызмет", "ақпараттандырылған келісім", "психологиялық көмектің сапасы", "кәсіби құпиялылық" сияқты түсініктер енгізіледі. Бұл ретте құжаттың қолданыс аясы медициналық қызметке таралмайтыны нақты көрсетілген.

"Заң жобасының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен психологиялық жағдайын жақсарту. Сондай-ақ заңдылық, еріктілік, құпиялылық, кәсіби құзыреттілік, ғылыми негізділік және зиян келтіруге жол бермеу қағидаттары белгіленген", - делінген хабарламада.

Мақұлданған заң жобасында психологтардың біліміне, қайта даярлауға және біліктілігін растауға қойылатын талаптар белгіленеді. Олар міндетті түрде мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс. Кәсіби даярлық пен қайта даярлау талаптары жүйеленіп, кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру міндеті қарастырылған. Заң жобасында психологтардың құзыреттері мен қызмет мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайтын кәсіби стандартқа қатысты нормалар енгізілген. Құжатта психологтардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Олардың қатарында этикалық нормаларды сақтау, ақпараттандырылған келісім алу, құпиялылықты қамтамасыз ету, кәсіби құпияны сақтау және клиенттің келісімінсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу талаптары бар.

Заң жобасында психологиялық көмек алушылардың құқықтары да айқындалған. Маманды таңдау, толық ақпарат алу, көмектен бас тарту, өз құқықтарын қорғау және шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Заң жобасында медициналық қызметті жүзеге асыруға және дәрілік ем тағайындауға тыйым салынады. Бұдан басқа, психологиялық қызмет туралы жалған ақпарат таратуға және қызмет нәтижесіне кепілдік берілетінін мәлімдеуге жол берілмейді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.