Жамбыл облысында атыс оқиғасы: төрт адам зардап шекті

2 232

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жамбыл облысы ПДЖамбыл облысы Мойынқұм ауданында төрт адам оқ жарақатын алды, полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"29 шілдеде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық ауруханасына оқ жарақатымен төрт ер адам жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Құқық қорғау органдары күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі өкілі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.