18 жасар қала тұрғыны мектеп ауласында асылып қалды

681

Көкшетаулық бойжеткен қаладағы мектеп маңында асылып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облыстық ПД мәліметінше,  20-шілдеде сағат 9:50 шамасында  Әуелбеков көшесідегі  №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.


"Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "өзін өзі өлтіруге жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде", - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.