Қызылорда тұрғындары сапалы ауызсудың жоқтығына наразы
1 566
Бүгінгі күні қала және қала маңындағы ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтып отырған «Қызылорда су жүйесі» ММ қала халқын таза сумен қамтамасыз ете алмай отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Су тіршілік көзі демекші, бүгінде қызылордалық тұрғындар сапалы ауызсуға жарымай отыр. Бір үйлерде қоқымға толы сары су ағып тұрса, енді бірінде ауызсудың қысымының жоқтығынан тамшылаған күйін кезіктіруге болады. Тіпті кейбір тұрғындар «Қызылорда су жүйесіне» ескертуден шаршаса керек 25 000 - 30 000 мың теңге тұратын жоғары қысымды су сорғыларын сатып алып орнатуда. Шаһарымыздың шешімі жоқ ауызсу мәселесінен мезі болған тұрғындар әкімдіктің де көмегі болмай отыр, деп наразылық білдіруде.
Ауызсудың зардабын тартқан Әл-Фараби, Лапина, Тасбөгет және Астана-2 мөлтек ауданының көпқабатты үй тұрғындары ендігі жерде кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
Расында, «Қызылорда су жүйесі» халыққа таза әрі сапалы суды қолжетімді ете алмағаны қалай? Кез-келген отбасының қомақты қаржыны құрайтын құрылғыларды орнатуға қаражат жетіспеушілігі тағы бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарапайым халық үшін тиімсіз дүние екендігі тағы бар. Таза сумен қамтамасыз ете алмаған мекеме өздерінің су сүзгілерден тексерістен өткізген жөн болар.
Тамшыланған суармалы егістікті білетінбіз, алайда дамыған елде ауызсудың тамшыланғандығы таңқалдырғаны жасырын емес. Осы орайда,
Расында, ауызсу мәселесі бүгінгі күнтәртібінде тұрған межелі мәселе секілді әлеуметтік желілерді жаулап тұр. Олай деуге басты себеп:
Қала маңындағы судың сапасыздығына жауап беретін «Қызылорда су жүйесі» ММ баспасөз хатшысы:
Коммуналдық қызметтің сапасына сын айтып шаршаған тұрғындар, ендігі көмекті тек облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қана шеше алама деген үмітте.
АЙБАР

«Су жүйесіне қайта-қайта ескертуден шаршадық. Ешқашан реттелмейтін мәселе секілді. Бірде қоқыс, бірде тамшылап ағатын сары су мезі қылды. Содан не керек жоғары қысымды су сорғысын сатып алып отырмын. Оның үстіне ауызсу реттегіш су сүзгісін орнаттым. Қоймасыңа амал жоқ топырақ құмы аралас суды ішуге де болмайды. Амалдың жоқтығынан бардық. Мәселе көтеріп жүргеніме 2 жылдан асып кетті. Құрылғыларды қойғаныма 1 ай енді болады.», - дейді Әл-Фараби тұрғыны Ақбота.
Расында, «Қызылорда су жүйесі» халыққа таза әрі сапалы суды қолжетімді ете алмағаны қалай? Кез-келген отбасының қомақты қаржыны құрайтын құрылғыларды орнатуға қаражат жетіспеушілігі тағы бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарапайым халық үшін тиімсіз дүние екендігі тағы бар. Таза сумен қамтамасыз ете алмаған мекеме өздерінің су сүзгілерден тексерістен өткізген жөн болар.
«Оның несін жасырамыз Тасбөгетте күн жылынса болды судың ағуы қиын. Тамшылап аққан сумен кір жумақ түгілі, тамағымызды әрең жасап ішеміз. Бір шәйнекті толтыру үшін кемі жарты сағаттарн астам уақыт алады.», - дейді Шадияр.
Тамшыланған суармалы егістікті білетінбіз, алайда дамыған елде ауызсудың тамшыланғандығы таңқалдырғаны жасырын емес. Осы орайда,
«Мен Лапина көшесінің тұрғынымын. Әкімнің шеше алмаған мәселесінің бірі су. Біздің көшеде су тіпті ақпай қалады. Айта-айта шаршадық » - дейді Алтын.
Расында, ауызсу мәселесі бүгінгі күнтәртібінде тұрған межелі мәселе секілді әлеуметтік желілерді жаулап тұр. Олай деуге басты себеп:
Қала маңындағы судың сапасыздығына жауап беретін «Қызылорда су жүйесі» ММ баспасөз хатшысы:
«Қазіргі таңда қала ішінде су тазалау жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Судың түсінің өзгеруіне негіз жоқ. Ал, ауызсудың тамшылап ағуы көпқабатты тұрғын үйлердің бірі «Астана-2» мөлтек ауданындағы орнатылған су құбырының диаметрінің кіші болуына байланысты. Ал жеке секторлы үйлерде судың жәй ағуы есік алдын суаруы мен аяқсу ретінде пайдаланғандығынан болуы ықтимал»,-деді Әділ Тәжібаев.