Мемлекеттік органдарға 160 миллион теңгеге көлік сатып алынбақ

1 242

Фото: pixabay.comШығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік органға 160 миллион теңгеге автомиблдің не үшін керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап. 

Әкімдік сатып алу бюджеттік жоспарларға және автопаркті жаңарту қажеттілігіне сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Автокөлік сатып алуға қаражат 2024 жылы салынды. Кейбір жағдайларда бұл жұмыс істеу үшін көлікті қамтамасыз етуді қажет ететін жаңа аудандардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, Өскеменде қолда бар техниканың тозуына байланысты әкімдік үшін екі автокөлік сатып алынады. Күршім ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік көлігі жаңартылуда. Өйткені ескі көлік істен шыққан. Жаңадан құрылған Марқакөл ауданына 7 автокөлікке қаржы жіберілді. Ал Катонқарағай ауданында мемлекеттік мұрағатқа арналған көлікке қаражат бөлінді”, -деді әкімдік.

Шенеуніктер сатып алу заң шеңберінде өтетінін атап өтті. Конкурстар жарияланып, экономикалық негізделген ұсыныстар ескеріледі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.