Бұдан былай еліміздің балабақшалары екпе алмаған балаларды қабылдамайды

173

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бас санитардың сөзінше, мұндай тыйымды енгізу мәселесінің көтерілуіне елімізде қызылша дертінің асқынуы себеп.


Наурызда Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталды. Әсіресе, Алматыда ахуал күрделі. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартқан.


Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады.


"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бірінде норма бар. Балабақшаларда вакцинацияланбаған балалардың саны 10 %-дан аспауы керек. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне осыны анықтауға мониторинг жүргізуді тапсырдық. Егер норма сақталмаса, вакцинацияланбаған балаларды балабақшаларға жіберуді тоқтатамыз. Мұны өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз. Басқа жол жоқ. Бұл – заң нормасы, ортақ жауапкершілік. Науқастардың саны өсе береді, біз балаларды қорғауымыз керек", – дейді Айжан Есмағамбетова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.