Әскери мектептің басшылары курсанттарды ұрып-соққан

103

Семейдегі Жас Ұлан әскери мектебінің курсанттары басшылықтардан қорлық көруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы құқық қорғаушы және НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді. 


Ол әскери мектепте түсірілген видеоны  жариялады. Кадрлардан кіші курсанттарды ұрып-соққанын көруге болады. Жасы үлкен офицер курсанттардың бірін шапалақпен тартып жіберсе, екіншісін әскери белбеубен ұрған. 


"Бізге жазғандай, мектеп бастығы мен офицерлердің облыста "крышасы" бар, шұғыл түрде Астанадан комиссия жіберіп, тексеру жүргізу қажет! Ел президентінің офицерлердің қалай дайындалып жатқанына назар аударуды сұраймыз! Бұдан кейін біз әскердегі суицидтерге қалай таңғаламыз", – деп жазды Дина Таңсәрі.


Үндеу авторлары әскери мектептегі тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды.


"Зорлық-зомбылық, бопсалау, офицерлер мен тәрбиешілердің қысымы. Бұл жүйе, оны барлық бастықтарды жұмыстан қуғанға дейін жою мүмкін емес. Кейбір офицерлер ақша бопсалағаны үшін жұмыстан шығарылды, бірақ көбі орнында қалды. Видеода көрсетілгендер – таза шындық", - дейді авторлар.


Қорғаныс министрлігі әзірге пікір білдірген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.