Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады

290

Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры асылып өлді. Оқиғаның себептері анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдау оқиғасы: Бас дәрігер түсініктеме берді
Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға 5 мамырда болғанын нақтылады.


5 мамыр күні таңертең Қостанай облысы аумағындағы орман белдеуінде Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры ағашқа асылып тұрған күйінде табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қостанай облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, – деді Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.


Ведомство оқиғаның себептері анықталып жатқанын түсіндірді.


Прокуратураның мәліметінше, ер адамның прокуратурадағы жұмыс өтілі төрт жыл болған. Қызметкердің артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.