Сот Назарбаевты КТК телеарнасының акциясынан айырды

1 531

Сот Нұрсұлтан Назарбаев қорын “КТК” АҚ акцияларының бір бөлігінен айырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі Bes.media Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Назарбаев қоры енді КТК акционері емес.


"Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бостандық ауданы прокуратурасының "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ акцияларының 1%-ын сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Бұл үлес бұрын "МаңғыстауМұнайГазға", ал содан соң Нұрсұлтан Назарбаев қорына тиесілі болған", – делінген хабарламада.


"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ КТК-ның 1% акциясына ие болған кезде аукционда бейінді емес активті сатпақ болған. Бірақ сатып алушылар табылмағандықтан, арнаға сыйға тартылды, ол артынан Нұрсұлтан Назарбаев қорына берілді.


"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ мен "коммерциялық телеарна" (КТК) АҚ арасында жасалған 2016 жылғы 19 желтоқсандағы акцияларды сыйға тарту шартын жарамсыз деп танылды", – деді судья Гаухар Қасымбаева.


Ол мәміле "мемлекеттік мүлік туралы" заңды бұза отырып жасалғанын түсіндірді.


"Маңғыстаумұнайгаз" өкілі сот ісін мойындады, ал КТК мойындаған жоқ.


"Нұрсұлтан Назарбаев қоры – КТК-ның 91,36% үлесі бар ірі акционері, оның құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Қор директоры – Дариға Назарбаева", - делінген хабарламада.


Сот шешімі күшіне енген жоқ.