Қан құрамын анықтайтын қоспалардың мерзімі өтіп кеткен

1 385

Фото: freepik.comАнтикор мамандары Таразда ЖИТС орталығындағы медициналық талдағыштардың мерзімі өтіп кеткенін анықтады, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қан құрамын анықтайтын қоспалар 2 жыл бұрын ескіріп кеткен. Алайда олар қолданыстағы препараттармен бірге қойма сөрелерінде сақталып келген. Аса қауіпті дертті анықтауға арналған реагенттердің жалпы саны 380 дана шықты. Оларды мекеме басшылығы кезінде 68 млн теңгеге сатып алғаны анықталды. Бұдан бөлек бір ай бұрын мерзімі өткен 7 млн теңгенің қоспалары да табылды. Ал талап бойынша медициналық тауарлар компанияға кері қайтарылуы тиіс. Осыған қатысты өз міндетін орындамаған орталық қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір сот ісі жүріп жатыр.

«Бізде мерзімі өтіп кеткен реагенттер, наборлар ешқашан қолданылмайды. Өйткені ол бойынша дәрігерлер алдына барады. Лаборанттар алдына барады. Мерзімі өтіп кеткен пробирка сыртында да жазылып тұрады. Егер өтіп кеткен жағдайда тест нәтижесі дұрыс бермеуі мүмкін», - Жамбыл облыстық иммунды жұқтыру орталығының комплаенс офицері Мұрат Қадірбеков.