ҚЫЗЫЛОРДАДА АВТОБУС ЖЕҢІЛ КӨЛІКПЕН СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

1 955

Фото: ПДҚызылордада Автобус Паркіне қарасты №24-ші бағытындағы қоғамдық автобусы соқтығысып, нәтижесінде жеңіл автокөлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 27 маусым күні Қызылорда қаласы, Хон-Бен-До көшесі мен Бейбітшілік көшелері қиылысында орын алған. "Hyndai Sonata" маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталып, денесі мәйітханаға тапсырылды.


"Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.