Павлодарда мүгедектерді қорлап келген мекеме анықталды
Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, облыстың мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған. Азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион теңге бюджет қаржысы заңсыз игеріліп, ұрланған. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.
Қаз
Рус






