Кәмпиттің ішінен жәндік шықты
Қостанай тұрғыны кәмпиттің ішінен зиянкес жәндік тауып алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол кәмпитті қаладағы супермаркеттердің бірінен сатып алған.
Талапкер 2 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді сұраған.
Сот отырысында жауапкердің өкілі сапасыз тауардың сатылғанын мойындағанымен, денсаулыққа зиян келтірілгені туралы дәлелдердің жоқтығын көрсетіп, талап қою сомасымен келіспеген. Жауапкер 200 000 теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін айтқан.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






