Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі 17 жылға сотталуы мүмкін
32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы — марқұмның жұбайы Айбар Жанболат соңғы сөзін айтты. Ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сотта сөйлеген сөзінде Айбар Жанболат жұбайын қасақана өлтіру ниеті болмағанын мәлімдеді.
Айыптау тарапы Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Ал марқұм Айзаттың анасы Салтанат Жұманова соттан айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапқан болатын. Аталған дерек бойынша әйелді өлтірді деген күдікпен оның жұбайы Айбар Жанболат қамауға алынған.







