Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі 17 жылға сотталуы мүмкін

1 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншот32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы — марқұмның жұбайы Айбар Жанболат соңғы сөзін айтты. Ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сотта сөйлеген сөзінде Айбар Жанболат жұбайын қасақана өлтіру ниеті болмағанын мәлімдеді.

«Баршаңыздан кешірім өтінемін. Өз ісімді мойындаймын, бірақ оны өлтіргім келген жоқ. Бұл қайғылы жағдай абайсызда орын алды. Шайтанның азғыруына ергенімді түсінемін. Кешірім сұраудан өзге айтарым жоқ. Үкім мен жазаға дайынмын, кінәмді толық сезінемін. Алла Тағала мені бұл ісім үшін кешірсін», — деді ол сот барысында.

Айыптау тарапы Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Ал марқұм Айзаттың анасы Салтанат Жұманова соттан айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапқан болатын. Аталған дерек бойынша әйелді өлтірді деген күдікпен оның жұбайы Айбар Жанболат қамауға алынған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.