Түркістандық шаруалар облыс әкіміне тізерлеп отырып жалбарынды

327

Шаруалар мәселесін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өзі шығып тыңдамағандықтан, осындай әрекетке амалсыз барған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К. ға сілтеме жасап

Көпшіліктің облыс әкімдігі алдында тізерлеген сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда "Шопан Ата" қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев жиналғандарға әкімнің шығуы үшін тізе бүгіп жалбарынуымыз керек деп кеңес береді.

"Сіздерге әкім емес, сіздерге хан келіпті. Ханнан не сұрасаң да тізерлеп сұрауың керек. Сондықтан тізе бүгіп, сұраңыздар хандарыңыздардан. Ең болмаса, шықсын алдарыңызға," дейді Алмасбек Садырбаев.

Осыдан кейін жиналған жұрт қатар тұрып, тізерлеп отырады. Содан соң алақандарын жайып, "Уа, Хан ием!" деп жамырай жөнеледі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.