Түнгі экспресс-маршруттар іске қосылады
Қазақстанның ірі қалаларында әуежай мен қала орталығын байланыстыратын түнгі экспресс-маршруттар іске қосылады. Бұл қадам туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері ел ішінде кең тараған мәселе.
Министрдің сөзінше, елде ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынамайды. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады деді министр.
Қаз
Рус






