Түнгі экспресс-маршруттар іске қосылады

1 651

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: AircoachҚазақстанның ірі қалаларында әуежай мен қала орталығын байланыстыратын түнгі экспресс-маршруттар іске қосылады. Бұл қадам туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері ел ішінде кең тараған мәселе.

“Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электрондық SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы тиіс”, – дейді министр. 

Министрдің сөзінше, елде ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынамайды. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады деді министр. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.