Алматыда карантин күшейтіледі

357

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Карантиндік шектеулерді күшейту туралы Алматы Бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Садуақас Байғабылов мәлімдеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жаңа жылдың басынан бері "омикрон" штаммының таралуы салдарынан, қала тұрғындары арасында күн сайын сырқаттанушылар саны артып келеді.
Бүгін, 12 қаңтарда қала қызыл аймаққа өткен. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Алматыда шектеу шараларын қатаңдату бес күн ішінде, мүмкін бұрын да қабылданатын болады.
“Әрине, бұл қаладағы соңғы оқиғалар аясында кәсіпкерлер мен қалалықтарға қосымша жүктеме", –  деді Байғабылов.
Оның сөзінше, коронавирус ешқайда “кетпеді" және вакцинацияланбаған халыққа белсенді түрде әсер етеді.
"Жоспарланған карантиндік шектеулерді енгізу күні туралы толығырақ қосымша хабарланатын болады", – деді Алматы Бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.