Нұр-Сұлтан қаласында ер адам курьерді таяқпен ұрған
Әлеуметтік желіде "Glovo" жеткізу қызметінің курьерін соққыға жыққан видео жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Қазір полиция таяқпен курьерді ұрған ер адамға қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлер мопед жүргізушісі жол ортасында кілт тоқтаған соң жанжалдың басталғанын айтады. Көліктен түскен ер адам курьерді таяқпен ұра бастаған. Өзге азаматтар араша түскен соң көлікке отырып, кетіп қалған.
Қаз
Рус






