Мемлекеттік рәміздер қоқыс полигонынан табылды

1 382

Фото: Видеодан скриншотАлматы облысы Талғар ауданында орналасқан қоқыс полигонынан Мемлекеттік рәміздердің табылғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудан әкімдігі бейнежазба Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылдық округінің Еркін ауылының аумағында орналасқан қоқыста түсірілгенін растады.


 «Әкімдік қызметкерлері полигон алаңын тексерді. Тексеру кезінде аталған мемлекеттік рәміздердің жанында білім беру мекемесі – колледждің құжаттары бар екені анықталды. Басқа мән-жайлар тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта полигон орнынан Мемлекеттік рәміздер алынып тасталды. Аталған Мемлекеттік рәміздер Талғар ауданының мемлекеттік мекемелеріне тиесілі емес», - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы облысының Полиция департаменті Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 «Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады»,  - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.