Қазақстандықтарға Балиге көңілдесін ертіп баруга тыйым салынды

1 552

Фото: ru.freepik.comИндонезияда жаңартылған Қылмыстық кодекс күшіне енді. Жаңа талаптарға сәйкес, ресми некеде тұрмаған адамдар арасындағы интимдік қарым-қатынас үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған норма тек ел азаматтарына ғана емес, шетелдік туристерге де қатысты. Бұл қатарда Қазақстан азаматтары да бар.

Заң бойынша, некесіз қатынас үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Дегенмен, маңызды бір ерекшелік бар: қылмыстық іс тек жақын туыстары немесе заңды жұбайы тарапынан ресми шағым түскен жағдайда ғана қозғалады.

Айта кетейік, бұл өзгерістер 2026 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне еніп, Индонезиядағы ауқымды құқықтық реформаның бір бөлігі ретінде қабылданған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.