Демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейнге батып, көз жұмды

474

Ақтауда 9 жасар бала демалыс орындарының біріндегі бассейнге батып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 13 шілде күні орын алған. Демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейнге батып, көз жұмған.


"102" кезекші пультіне қоңырау сағат 15:12-де түсті. Тергеу-жедел тобы оқиға орнына барды. Бала бассейнге батып кеткен. Оның қасында ата-анасы болған”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Ведомствода бұл факті қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 001-бабы ("Адам өлімі") бойынша тіркелгенін айтты. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.