Жарты айда өрттен 17 адам қаза болды

1 118

Фото: pixabay.comЕлімізде 1 қазаннан бері 17 адам өрттен көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығатынын айтты. Қайғылы оқиғадан үш жүзден астам адам қаза табады екен.

Жылыту маусымы басталғалы 100-ден астам өрт тіркелген. 1 қазаннан бері 17 адам қаза тапқан. Сондай-ақ қызыл жалыннан 13 азамат зардап шеккен.

«Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды. Өрттің өсуі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалады. Қаза тапқандардың көпшілігі – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында», - дейді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.