Полициядан қашқан жүргізуші оқиға орнында мерт болды

1 628

Фото: polisia.kzҚостанай облысының Лисаковск қаласында патрульдік полицияның тоқтату талабына бағынбаған жүргізуші жол апатынан қаза тапты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

1 желтоқсанда патрульдік экипаж мемлекеттік нөмірсіз жүрген ВАЗ-21093 автокөлігін байқап, жүргізушінің жаяу жүргінші өткелінде адамға жол бермей, қауіпті маневр жасағанын тіркеген. Полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған жүргізуші жылдамдықты арттырып, қашуға әрекет жасаған.

Қуғын барысында ол қарсы бағытқа шығып, бетон жарықтандыру тірегіне соғылған. Соққы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішіндегі жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақаттанған азамат қажетті ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. Қайтыс болған жүргізуші бұрын да көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық мән-жай анықталуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.