Мал ұрлығымен айналысқандар сотталды
Бас прокуратура Жамбыл облысында мал ұрлықшылары сотталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2024 жылдың қазан айынан бастап Тұрар Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесіне ауыл тұрғындарынан үй жануарларының ұрлануы бойынша арыздар түскен. Осылайша мал ұрлығы фактісімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері басталған.
Аудандық соттың үкімімен төрт сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Осы тектес 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында залал көлемі 7 млн теңгені құрайтын 17 бас мал ұрлығының екі фактісі әшкереленген. Екі айыпталушы 3 жыл 6 ай және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларына сотталды.
Сот үкімдері заңды күшіне енбеген.