Ертіс көпірінен секірген ер адамның мәйіті табылды

1 515

Фото; Opennews.kz ЖИӨскеменде Ертіс көпірінен секірген ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ол жоғалған сәттен бастап құтқарушылар күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ер адамның мәйітін Прапорщиково ауылы маңындағы өзен тармағынан, оқиға болған жерден 21 шақырым қашықтықтан тапты.

Із-түзсіз жоғалған азамат 1982 жылы туған. Ол жоғалған сәттен бастап құтқарушылар күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеу барысында дрондар мен жүзу құралдары пайдаланылып, жақын маңдағы аудандардың жағалау аумақтары түгел тексерілді.

Мәйіт табылғанға дейін сүңгуірлер 26 рет суға түсу жұмыстарын жүргізген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.