Жоғары шенді полицей жүкті әйелді ұрып жіберген

1 564

Фото: Polisia.kzПавлодарда қол астындағы жүкті қызметкермен болған жанжалдан кейін полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, қазір бұрынғы полиция қызметкері өз әрекетімен құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіріп, қызметінен қалпына келтіру құқығынсыз босатылды.


"Павлодар қаласы ҚПП Орталық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 


Қызметтік тергеу аяқталып, тиісті шаралар қабылданған.


Еске салайық, өткен жылдың қазан айында әлеуметтік желілерде жоғары лауазымды полицей жүкті қызметкерді ұрып жіберді деген ақпарат пайда болған еді. Тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тергеу басталғаны айтылған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.