Ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасқан
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімдік және аппарат мәжілісі өтіп, онда 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәселе күн тәртібінде қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжіліске аудан әкімі А.Оңғарбаев төрағалық етіп, жиын басталмас бұрын орын алған кадрлық өзгеріске тоқталды.«Арал аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директорының лауазымына Молжігітов Алмасбек Жақсылықұлы тағайындалғанын жеткізіп, жаңа басшының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Күн тәрбіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев хабарлама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне кеңінен тоқталды.Айтуынша ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Негізгі макро экономикалық көрсеткіштер 100 пайыздан жоғары деңгейде орындалуына қол жеткізілген. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары аталған көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталып, қалыптасқан оң динамиканы қалыпты деңгейде ұстауда жұмыстар тоқтамайтынын жеткізді.
Аудан әкімі бұл көрсеткіштердің барлығы үздіксіз атқарылған жұмыстардың нәтижесі екенін айтып, жыл соңына дейін осы қарқынды төмендетпеу керектігін атап өтті. Сондай-ақ кейбір салалар бойынша төмен көрсеткіштерді ой сүзгісіне салып, кемшіліктермен жұмыс жасау керектігін жауапты бөлімдер мен сала мамандарына жүктеді.
Мұнан соң кезекті аппарат мәжілісінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің алдағы міндеттері сөз болды.Салаға тікелей жауапты аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов хабарлама жасап, аудан көлемінде атқарылған бірқатар спорттық іс-шараларға тоқталып өтті.– Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 75 спорттық іс-шара өткізілсе, оның екеуі республикалық, үшеуі облыстық деңгейде, жетпісі аудандық деңгейдегі іс-шаралар. Бүгінгі күні аудан спортшылары түрлі ресми Қазақстан чемпионаттарында 38 медельға ие болса, оның шінде 15-і алтын, 10 күміс және 13 қола медальға ие болды, – деді Т.Әлжанов.Сондай-ақ аудан қоржынын түрлі жарыстар бойынша жүлдеге толтырып, елдің абыройын асқақтатып жүрген бір топ жекелеген спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, туризим саласындағы оң өзгерістер мен қолға алынған бастамаларды да тілге тиек етті.
Аудан әкімі баяндамашының сөзінен соң аудандағы бұқаралық спорттың қазіргі жайына тоқталып, білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы екенін ескертті. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы екендігін атап өтті.Күн тәртбіндегі мәселе төңірегінде бірқатар олқылықтарды жіпке тізген аудан басшысы, бұл істе жауапты мамандар ортақ мүддеге жұмыс жасау керектігін жеткізіп, спорт және туризм саласы бойынша алдағы міндеттерді жан-жақты орындау жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиын барысында аудан әкімі А.Оңғарбаев елдегі тазалық мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Осы кезге дейін белгілі болғандай елді мекендердегі спорт нысандарының жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде кемшіліктер анықталып, ол олқылықтар жиын барысында назарға алынды. Ауылдардағы спорт нысандарының жай-күйіне назар салған аудан әкімі орын алған кемшіліктерді тез арада қалпына келтіріп, жауаптыларға нәтижесін жақын күндері баяндауды тапсырды.
Жиын соңында бұған дейін дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік желілерде ауданға қатысты жарияланған жазбаларға шұғыл түрде кері байланыс орнату жөнінде тапсырма берілгенін айтып, бұл бойынша да нәтиженің мардымсыз екендігі сөз етті аудан әкімі.Алдағы уақытта мұндай босаңсуларға жол берілмейтіндігін ескертті.