17 жасар баланы тоқ соғып, көз жұмды
Павлодарда тоқ соққан жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 12 сәуір күні Мойылды ауылында болған. Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады.
Жасөспірім Павлодар қаласының тұрғыны. Алайда ол сол күні әжесінің үйінде қонақта жүрген.
Облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлімдеді.
Қаз
Рус






