17 жасар баланы тоқ соғып, көз жұмды

1 577

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

24.kzПавлодарда тоқ соққан жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 12 сәуір күні Мойылды ауылында болған. Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады.



«12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай болды. 17 жастағы баланы электр тогы соғып, көз жұмды,– деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Жасөспірім Павлодар қаласының тұрғыны. Алайда ол сол күні әжесінің үйінде қонақта жүрген.


Облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлімдеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.