15 жастағы қызды сүйіктісі 6 жерінен пышақтап кеткен
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 15-тегі жасөспірім қызды 23 жастағы жігіт жауыздықпен 6 жерінен пышақтап, соққыға жыққан. Қыз қансырап жатқан күйінде үйінің жанынан табылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті-кездесіп жүрген жігіті. Ол мұндай әрекетке қызғаныштан барған көрінеді. Зардап шегуші қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаға қатысты тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қаз
Рус






