"Қазатомөнеркәсіптің" басқарма төрағасы өз еркімен қызметінен кетпекші

495
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов келесі аптада өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовтің компанияның басқарма төрағасы қызметінен 2021 жылдың 02 қыркүйегінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды. Ядролық отын циклі жөніндегі бас директор Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов басқарма төрағасының міндетін атқарады", - делінген ресми хабарламада.

Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоудың айтуынша,  Пірматов соңғы төрт жылдың ішінде компанияның даму стратегиясын іске асыруда аса маңызды рөл атқарған.

"Басқарма төрағасы бола тұра, оның білімі мен тәжірибесі компанияның дамуы мен беделінің нығаюына ықпал етті. Біз 2018 жылы Лондон қор биржасына және "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасына шықтық", - деді Лонгфэллоу. 


Сондай-ақ Пірматов тұрақты даму, экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарына негізделген басқару шешімдерін қабылдай білді.

"Мен ел басшылығына сенім білдіргені және компанияны тиімді басқару үшін ұсынылған мүмкіндік үшін зор алғысымды білдіремін. Бүкіл әлемдік уран саласы үшін осындай күрделі уақытта Қазатомөнеркәсіпті басқару мен үшін үлкен абырой болды", - деп атап өтті Пірматов. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.