Қала халқы тегін донер үшін бірін-бірі таптап кете жаздады

148

Ақтөбелік кәсіпкер тегін донер таратып жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін итеріп, жапатармағай тегін асқа ұмтылған сәтінен түсірілген видео тарады.


Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан шараға жиналған адамдар қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.


Полиция осы оқиға байланысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.


«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.