Францияда 2 жойғыш ұшақ соқтығысты

1 560

Фото: sky.comФранцияның солтүстік-шығысында Dassault Rafale екі жойғыш ұшағы соқтығысып, екі әскери ұшқыш қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға әскери ұшақтар Коломбе-Ле-Бель қаласының маңындағы Восгес аймағында оқу-жаттығу миссиясын орындап жатқан кезде болған.


Екінші ұшақтағы ұшқыш катапульт көмегімен ұшақтан шығып үлгерген. Біраз уақыттан кейін ол жеңіл жарақатпен тірі табылды. Полиция апатта қаза тапқан ұшқыштарды табу үшін орман алқабын сағат бойы іздестірген.


Ел президенті Эммануэль Макрон өзінің X парақшасында қаза тапқандардың аты-жөні: қарулы күштер қатарында ұзақ уақыт қызмет еткен капитан Себастьян Мабир мен лейтенант Матис Лоуренс екенін мәлімдеп, олардың отбасылары мен бауырларына көңіл айтты.


Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір оқиғаның себептерін анықтау тергеу амалдары жүргізілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.